18 қараша, Дүйсенбі

Қазақстандық спортшы Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дохада өтіп жатқан оқпен ату спортынан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Юрий Юрков 2020 жылғы Олимпиаданың жолдамасын иеленді,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік алтылықтан орын алған Юрий Юрков Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Ол 50 метрден үш орыннан шағын калибрлі мылтықтан оқ ату санатында өнер көрсетті.

Айта кетейік, қазірге дейін Қазақстанның қоржынына Олимпиаданың 23 лицензиясы түсті. Осыған дейін жолдаманы Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан жеңіп алды. «Траптан» әйелдер арасында өткен бәсекеде екінші орын алып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша құрлықтық бәсекеде жүлделі орын алған спортшылар төрт жылдықтың басты додасына жолдаманы иеленеді.

Фото: ҚР ҰОК

Бөлісу

.