22 қараша, Жұма

«Аз Алкмардан» ойсырай ұтылған «Астана» плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елордалық «Астана»Еуропа лигасының 4-турында голландиялық «Аз Алкмардан» ірі есеппен жеңілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

L тобындағы ойын 7 қарашада «Астана Аренада»  өтіп, қонақтардың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда бір ғана гол соғылды. 29-минутта голландиялық клубтың 18 жастағы шабуылшысы Майрон Боаду есепті ашты. Екінші таймның басында матч тағдыры шешілді деуге болады. АЗ екі минуттың ішінде «Астана» қақпасына тағы екі гол тоғытты: 55-минутта Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Фредрик Мидтше, 57-минутта Марокоо құрамасының форварды Уссама Идрисси көзге түсті.  76-минутта Грекия құрамасының қорғаушысы Пантелис Хацидиакос өз командасының төртінші голын соқты. Араға бір минут салып, Боаду дубль жасады.  24 қазанда Голландияда «Аз Алкмар» «Астананы»  6:0 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, «Астана» топтағы төрт матчында да жеңіліп, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Енді «Астана» 28 қарашада англиялық «Манчестер Юнайтедті»  қабылдайды. Қазақстандық клуб мүлде ұпай жинамады.

Бөлісу

.