22 қараша, Жұма

Шорт-трекшілеріміз Әлем кубогіне қатысады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық шорт-трекшілер Канада елінде өтетін Әлем кубогіне қатысады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңі басталды. Дүбірлі додаға Мәдіғали Қарсыбеков жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да қатысады. Нақты айтар болсақ, Канада төрінде Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев және Еркебұлан Шамұханов сынға түседі.

Айта кетейік, әлем кубогінің алғашқы кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтті. Бірінші кезеңде Қазақстан командасының үздігі Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды.

Бөлісу

.