22 қараша, Жұма

Қуат Хамитов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов  Gorilla Fighting Championship тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз 22-желтоқсан күні Сочи қаласында өтетін Gorilla Fighting Championship 22 турнирінде жекпе-жек өткізеді. «Найман»  чемпиондық белбеу үшін Нурулло Алиевке (4-0) қарсы сынға түседі.

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов  Fight Nights Global  тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовқа (23-3-0) қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіліске ұшыраған болатын.

Бөлісу

.