22 қараша, Жұма

«Хабар» арнасы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Хабар» телеарнасы Жәнібек Әлімханұлының Америкадағы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО)  келесі жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізеді.  WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіреді. Орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын қорғайтын отандасымыздың кездесуін «Хабар» телеарнасы 10-қараша күні тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы кездесуінде канадалық Стюарт МакЛелланды 4 раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Бөлісу

.