22 қараша, Жұма

Олимпиаданың тағы бір жолдамасы — қоржында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Стенд атудан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Сәрсенкүл Рысбекова Олимпиада жолдамасын жеңіп алды,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Траптан» әйелдер арасында өткен бәсекеде екінші орын алып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша құрлықтық бәсекеде жүлделі орын алған спортшылар төрт жылдықтың басты додасына жолдаманы иеленеді.

Айта кетейік, бұл Қазақстанның 22-ші жолдамасы.

Фото: ҚР ҰОК

Бөлісу

.