22 қараша, Жұма

Австрияға қарсы ойнайтын Қазақстан қыздар құрамасының құрамы анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +
Австрияға құрамасына қарсы өтетін ойынға шақырылған Қазақстан қыздар құрамасының құрамы белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Бас бапкер Рәзия Нүркенова сырт алаңда өтетін ойынға 20 футболшыны шақырды.
Қазақстан қыздар құрамасының ойыншыларының тізімі:Қақпашылары: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Восход», Украина);Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (екеуі де — «Оқжетпес»), Екатерина Бабшук, Мария Демидова, Александра Бурова (барлығы — «БИІК-Қазығұрт»);

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Согдиана», Өзбекстан), Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Светлана Бортникова, Зулейра Әбішева (барлығы — «БИІК-Қазығұрт»), Әселхан Тұрлыбекова («Оқжетпес»), Әйгерім Әйтімова, Ксения Хайрулина (екеуі де — СДЮСШОР №8);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Анастасия Власова («Оқжетпес»), Светлана Ступина («Жас Қыран»);

Жаттықтырушылар штабы: Рәзия Нүркенова — бас бапкер, Орынбасар Дәуренбекова — бас бапкердің көмекшісі, Ержан Сунаков — қақпашылардың жаттықтырушысы, Арыстанбек Баттаков — дәрігер, Әсия Житенова — массажист, Анастасия Журавлева — менеджер, Талғат Нұрмұхамбетов — администратор.

Қазақстан қыздар құрамасы 12 қараша күні сырт алаңда Австриямен ойнайды. Ойын Мария-Энцерсдорф қаласында өтеді. Матч елорда уақытымен 22:55-те басталады.

Бөлісу

.