22 қараша, Жұма

Қазақстандық теннисші Жапониядағы турнирде жеңіліс тапты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин  Жапониядағы жарысты сәтсіз аяқтады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин Жапонияның Кобе қаласында өткен Challenger ATP турнирінде сынға түсіп, жеңіліске ұшырады. Отандасымыз жарыстың 1/32 финалында жергілікті спортшы Тайсей Ичикавамен кездесті. Тимур қанша тырысқаныменТайсей Ичикаваның осал тұсын таба алмай, 0:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша отандасымыз жарыс жолын ерте аяқтады.

Айта кетейік, қос спортшы арасындағы кездесу бар болғаны 43 минутқа созылды.

Бөлісу

.