22 қараша, Жұма

Қазақстан құрамасы ММА-дан әлем чемпионатына қатысады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

10-16 қараша аралығында Бахрейн Корольдігінің астанасы Манамада ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтеді,– деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Аталған чемпионатқа елімізден ең мықты деген 45 спортшы қатысады. Құраманы ММА бойынша ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Баян Жанғалов және әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Нұрлан Мамыралиев алып жүреді. Қараша айында өтетін іс-шараға әлемнің 50 елінен 500-ге жуық спортшы қатысады. Біздің құрамамыз үшін бұл ерекше жауапты жарыс болғалы тұр. Себебі, спортшыларға осыған дейін Азия құрлығында алған атақтарын дәлелдеп, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болу міндеті жүктеліп отыр.

Айта кетейік, команданы дайындауға кәсіби спортшылар Асу Алмабаев пен Жұман Жұмабеков көмектесіп жатыр.

Бөлісу

.