22 қараша, Жұма

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бас бапкер Михал Билек қараша айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар белгілі болды. Тізімге 23 футболшы енді:

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмирий Шомко (барлығы — «Астана»), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де — «Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де — «Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (барлығы – «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);

Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»).

Қосалқы: Владимир Плотников, Еркебұлан Сейдахмет (екеуі де — «Қайрат»), Асланбек Кәкімов («Ақтөбе»), Серікжан Мужиков, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко (барлығы — «Астана»), Аслан Дарабаев, Еркін Тапалов, Айбар Жақсылықов (барлығы — «Жетісу»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Тоқтар Жаңғылышбай (барлығы – «Ордабасы»), Виктор Дмитренко, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек, Руслан Валиуллин, Дмитрий Мирошниченко (барлығы — «Тобыл»), Геворг Наджарян («Шахтер»).

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Марат Еслямов – дене даярлығы бапкері, Тадеуш Переход – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Дмитрий Николаев – массажист, Тимур Құсайынов – сарапшы, Бауыржан Елденбаев – видеооператор, Максим Шауберт – администратор, Дінмұхамед Оралов – кит-менеджер, Нүркен Мырзағалиев — медиа-офицер.

Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда екі ойын өткізеді. 16 қараша күні Сан-Марино құрамасымен ойнайды. Ал, 19 қараша күні Шотландиямен кездеседі.

Бөлісу

.