22 қараша, Жұма

Жеңілмеген қазақ боксшысы әлемдік рейтингте жоғарылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатай ресейлік қарсыласын нокаутпен ұтып, чемпиондық белбеу иеленді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатай  Ресейде өткен бокс кешінде сынға түсіп, жеңіске жетті. Отандасымыз жергілікті боксшы Пеле Садоянмен  (7-1-2, 3КО) жұдырықасты. Әр раунд сайын қарқынын күшейтіп, жойқын соққыларын жаудырған отандасымыз қарсыласын 5-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы WBC белбеуінің жасөспірімдер арасында Азия Чемпионы атағын жеңіп алды.

Осы жеңісінің арқасында Ғалым Шағатай BoxRec рейтингінде 7 сатыға көтеріліп, 617-шы орынға тұрақтады.  

Айта кетейік, Ғалым Шағатай шаршы алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, барлығын уақытынан бұрын аяқтаған.

Бөлісу

.