22 қараша, Жұма

Садриддин Ахмедов чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегінде чемпиондық атаққа таласады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин «Қазақ сарбазы»  Ахмедов 7-желтоқсан күні өтетін жекпе-жегінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Бұл туралы спортшы арнайы Qsport.kz тілшісіне мәлімдеді.

– Желтоқсанда өтетін жекпе-жегімізге дайындықты бастап кеттік. Канаданың Монреаль қаласында орналасқан атақты Белл-центр аренада үлкен бокс кеші өтеді. Канаданың басты жұлдызы Давид Льеме жұдырықтасатын бокс кешінде өнер көрсетіп, чемпиондық атақ үшін жұдырықтасамын. Алла қаласа, жарқын жеңістеріммен жанкүйерлерімді қуантамын деген ойдамын», – деді Садриддин.

Айта кетейік, Садриддин соңғы жекпе-жегінде 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен (33-15-2, 15КО) қолғап түйістіріп, 7-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бөлісу

.