22 қараша, Жұма

Ержан Естанов жеңіліп көрмеген шешенстандық спортшымен жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Ержан «Арлан» Естанов жеңіліп көрмеген шешенстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ержан «Арлан» Естанов 29 қараша күні Алматыда АСА мен «Алаш Прайд» тұжырымы бірлесе өткізетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Отандасымыз АСА 102 турнирінде жеңілістің кермек дәмін татпаған шешенстандық спортшы Хусейн Шайхаев (7-0) қарсы жекпе-жек өткізеді. Қос спортшы жартылай жеңіл салмақта (66келі) сынға түседі.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегін UAE Warriors турнирінде чемпиондық атақ үшін UFC-дің бұрынғы спортшысы Роланд Дигемен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен ұтылып қалған болатын.

Бөлісу

.