22 қараша, Жұма

Қос балуанымыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Венгрия астанасы Будапештте өткен күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық балуан Евгений Поливадов мен Тамерлан Шадукаев грек-рим күресі бойынша әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. 77 келіде белдескен Шадукаев жартылай финалда ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты. Евгений де үшінші орын үшін белдесуде армениялық спортшысы Арман Вардумянмен күресті. Белдесу барысында Поливадов қарсыласынан жеңіліп тұрып, кездесу соңында 16:7 есебімен айласын асырып кетті.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен қос балуанымыз үздіктер қатарынан көрінген болатын.

Бөлісу

.