22 қараша, Жұма

Қазақстандық таеквандошы Олимпиадалық рейтингте жоғарылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +
Қазақстандық таеквондошы Смайыл Дүйсебай Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы олимпиадалық рейтингінде жоғарылады,– деп xабарлайды Qsport.kz порталы.
Қазақстандық спортшы жаңартылған рейтинг бойынша бір сатыға жоғарылады. 80 келіден жоғары салмақта сынға түсетін Смайыл Дүйсебай 9-шы орыннан 8-ші орынға көтерілді. Оның еншісінде 231 ұпай бар. Дәл осы салмақта ел намысын қорғайтын тағы бір қазақстандық спортшы Руслан Жапров 200 ұпаймен 14-ші орынға жайғасты.

Сондай-ақ 67 келіден жоғары салмақтағы Жансель Дениз болса 182 ұпаймен 10-шы орнын сақтап қалса, 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Нұрлан Мырзабаев 129 ұпаймен 32 орынға тұрақтады. 74 келідегі Қайрат Сарымсақов 118 ұпай еншілеп, 37-ші сатыға жайғасты.

Бөлісу

.