22 қараша, Жұма

Абзал Әжғалиев шорт тректен әлем кубогында қола жүлде алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт тректен әлем кубогының бірінші кезеңі өтті, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

500 метр қашықтықта бақ сынаған қазақстандық спортшы Абзал Әжғалиев 39.881 уақытта жүріп өтіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Алтынды Қытай спортшысы У Дацзин алса, күмісті Венгрия спортшысы Шандору Шаолиню Лю қанжығысына байлады. Ал қола жүлде біздің спортшыға бұйырды. Сондай-ақ Абзал Әжғалиев ел рекордын жаңартты.

Ал 1000 метр қашықтықта бақ сынаған Еркебұлан Шамұханов 10-шы орында аяқтады.

Фото: ҚР ҰОК 

Бөлісу

.