22 қараша, Жұма

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) «Канело» — Ковалев жекпе-жегінің андеркардында жеңіске жеткен соң әлемдік рейтингте көтерілді, – деп xабарлайдыQsport.kz порталы.

Кәсіпқой бокста әлі жеңілістің дәмін татпаған отандасымыз 2 қараша күні Лас-Вегастағы ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегінің андеркардында мексикалық боксшы Кристиан Оливаспен (16-5, 13 КО) қолғап түйістірір, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осы жеңістен соң Мейірім Нұрсұлтанов BoxRec рейтингінде бір сатыға көтеріліп, 69-шы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Челябинск қаласында өткен бокс кешінде ресейлік боксшы Артур Осиповты жеңген болатын.

Бөлісу

.