22 қараша, Жұма

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы АҚШ-та жеңіске жетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай бір жылдық үзілістен соң жекпе-жек өткізді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Шыңғысхан Тәжібай қарсыласы аргентиналық боксшы Николас Атилио Веласкесті төрешілердің шешімімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, Шыңғысхан Тәжібай соңғы жекпе-жегін 27 қазан күні америкалық Хуан Родригеске (8-15-1, 6 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

Шыңғысхан Тәжібай кәсіпқой мансабында сегіз жекпе-жек өткізіп, оның екеуін нокаутпен ұтқан. Бірде-бір кездесуінде жеңіліс таппаған.

Бөлісу

.