22 қараша, Жұма

Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшыны жеңді

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) «Канело» — Ковалев жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға шықты, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Кәсіпқой бокста әлі жеңілістің дәмін татпаған отандасымыз 2 қараша күні шаршы алаңға қайта оралды. Орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов Лас-Вегастағы ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегінің андеркардында шықты. 

Отандасымыз мексикалық боксшы Кристиан Оливаспен (16-5, 13 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек барлық 10 раундта созылып, Мейірім Нұрсұлтано төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Челябинск қаласында өткен бокс кешінде ресейлік боксшы Артур Осиповты жеңген болатын.

Бөлісу

.