7 сәуір, Сейсенбі

Жалғас Жұмағұлов: Мансабымды аяқтаймын

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Аса жеңіл салмақта Fight Night Global чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC тұжырымына өтпесе спорттық мансабын аяқтайтынын айтты,  — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Fight Nights Global 95 турнирінде UFC тұжырымында өнер көрсеткен Али Багаутиновті  (20-6) жеңген Жалғас Жұмағұлов егерде әлемдегі ең үздік тұжырым UFC-ге өтпесе спорттық мансабын аяқтайтынын айтты.

«UFC-мен келісімшартқа отырмасам, карьерамды аяқтайтын шығармын. Жоспарым осындай. Әрі қарай жастарды баулып, жаттықтырамын. Төбелестен басқа да табысым бар. Өз залымды ашамын. Қаражат табамын, ағаларым көмектеседі деп ойлаймын. Ал UFC-мен келісімшартқа отырсам, титул жеңіп алу үшін бір-екі жыл төбелесемін. Белбеу жеңіп аламын деп үміттенемін», — деді Жалғас.

Айта кетейік, Жалғастың бұл Fight Nights тұжырымындағы соңғы жекпе-жегі. Енді ол UFC тұжырымына ауысуы әбден мүмкін.

Бөлісу

.