22 қараша, Жұма

Елордада ҚПЛ-дың үздік футболшыларын марапаттайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан футбол федерациясы 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік футболшылар, бапкерлер және менеджерлерді салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырады, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Шара 11 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.  Марапаттау рәсімінде ерлер және әйелдер футболы, жағажай футболы мен футзалдың үздіктері анықталады.
Сонымен қатар, шараға үміткерлерден бөлек, футбол ардагерлері, БАҚ өкілдері, шоу-бизнес, телеарна, кино мен отандық эстрада жұлдыздары шақырылады. Басталуы — 18:00.

Айта кетейік, салтанатты шараны «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Бөлісу

.