22 қараша, Жұма

Мейірім Нұрсұлтановтың сыйақысы қанша?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8 КО) «Канело» — Ковалев жекпе-жегінің андеркардында өткізетін айқасы үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Кәсіпқой бокста әлі жеңілістің дәмін татпаған отандасымыз 2 қараша күні шаршы алаңға қайта оралады. Орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов Лас-Вегастағы ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегінің андеркардында шығады. 

Отандасымыз мексикалық боксшы Кристиан Оливаспен (16-5, 13 КО) қолғап түйістірмек. Бәске орта салмақтағы WBC АҚш чемпионы титулы қойылады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Невада штатының  атлетикалық комиссиясы бокс кешіне қатысатын спортшылардың алатын сыйақысын жариялады.  Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жек үшін $12 500 алса, оның қарсыласы $500 аз алады.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Челябинск қаласында өткен бокс кешінде ресейлік боксшы Артур Осиповты жеңген болатын.

Бөлісу

.