22 қараша, Жұма

Иса Ақбербаев Евгений Тищенкомен жекпе-жек өткізу үшін Ресейге келді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев (20-0, 15КО) Олимпиада чемпионы Евгений Тищенкомен (5-0, 3КО) жекпе-жек өткізу үшін Ресейге келді,  — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев (20-0, 15КО) Олимпиада чемпионы Евгений Тищенкомен (5-0, 3КО) 2-қарашада Екатеринбургте WBO Intercontinental титулы үшін айқасады. Евгений Тищенко – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы. Дәл осы боксшымен Риода қазақстандық боксшы Василий Левит финалда кездесіп, Тищенко күмәнді жеңіске жеткен болатын. Ақбербаев — Тищенко айқасы он раундқа есептелген.

Айта кетейік, Ақбербаев соңғы айқасын 2017 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Ол кездесуінде Босния мен Герцеговинадан келген Мирнес Денадичті (12-12-2, 6КО) жеңді.
Сонымен қатар, бір жылдары Иса Головкинмен бірге бір командада жаттыққан

Бөлісу

.