22 қараша, Жұма

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы АҚШ-та шаршы алаңға шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай бір жылдық үзілістен соң жекпе-жек өткізеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, жартылай орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 2 қараша күні АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Қарсыласы аргентиналық боксшы Николас Атилио Веласкес болмақ. 30 жастағы спортшы 11 рет жеңіске жетіп, алты рет жеңіліс тапқан.  

Естеріңізге сала кетейік, Шыңғысхан Тәжібай соңғы жекпе-жегін 27 қазан күні америкалық Хуан Родригеске (8-15-1, 6 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

Шыңғысхан Тәжібай кәсіпқой мансабында сегіз жекпе-жек өткізіп, оның екеуін нокаутпен ұтқан. Бірде-бір кездесуінде жеңіліс таппаған.

Бөлісу

.