5 сәуір, Жексенбі

Жәнібек Әлімханұлы: Қазақ стилін тарихта қалдырамыз

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО)  келесі жекпе-жегінің бұрынғыдан өзгерек болатынын айтты,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегінің өзгеше болатынын айтты.

— Бұл жекпе-жек бұрынғыдан өзгерек болады. Біз дайынбыз. Бұйыртса, өздеріңіз күткеннен де қызық жекпе-жек тамашалайсыздар! Маған сенім артып, қолдап, жылы пікір жазып жатқандарыңызға көп рақмет. Сіздер болып, біз болып әлі әлемді шулатамыз. Біз QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз», — деп жазды Әлімханұлы Инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы 39 жастағы канадалық Альберт Онолунос болмақ. Кездесуде Жәнібек орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын қорғайды.

Бөлісу

.