22 қараша, Жұма

Қазақстан құрамасының қарсыластары 7 қарашада анықталады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футзалдан 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне шыққан командалардың барлығы анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Элиталық кезеңге 16 команда қатысады. Ішінде Қазақстан құрамасы бар. Бұл кезеңнің жеребе тарту рәсімі 7 қараша күні өтеді.

Элиталық кезеңнің ойындары 2020 жылдың 28 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасының ықтималды қарсыластары: Испания, Финляндия, Словения, Украина, Әзірбайжан, Словакия, Италия, Беларусь, Румыния, Сербия, Франция, Ресей, Хорватия, Португалия, Чехия.

Бөлісу

.