22 қараша, Жұма

Қанат Ислам әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді

0

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Алматы төрінде намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңгеннен соң әлемдік рейтингіде көтрілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO International белбеуінің иегері Қанат «Қазақ» Ислам мен Уолтер Каутондоква жекпе-жек өткізді. Қос спортшы «Балуан Шолақ» сарайында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған айқаста Қанат Ислам төрешілердің айқын басымдығымен жеңіске жетті.

Осы жекпе-жектен Қанат Ислам BoxRec рейтингінде 12 сатыға көтеріліп, 17-ші орынға тұрақтады.

Еске салайық, 34 жастағы қазақстандық боксшы 5 шілде Алматы қаласында екі жылға жуық ұзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралды. Отандасымыз доминикалық қарсыласы Хулио де Хесусты (27-2, 24КО) 10 секундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық белдігін жеңіп алды.

Бөлісу

.