22 қараша, Жұма

Қанат Ислам намибиялық қарсыласын жеңді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) Алматы төрінде жекпе-жек өткізді , – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO International белбеуінің иегері Қанат «Қазақ» Ислам мен Уолтер Каутондоква жекпе-жек өткізді. Қос спортшы «Балуан Шолақ» сарайында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған айқаста Қанат Ислам төрешілердің айқын басымдығымен жеңіске жетті.

Еске салайық, 34 жастағы қазақстандық боксшы 5 шілде Алматы қаласында екі жылға жуық ұзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралды. Отандасымыз  доминикалық қарсыласы Хулио де Хесусты (27-2, 24КО) 10 секундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық белдігін жеңіп алды.

Бөлісу

.