22 қараша, Жұма

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алды,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің екінші ойынында Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасын 5:0 есебімен ұтты. Кака шәкірттері қарсыластың қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Біздің команданың қатарынан қорғаушы Дуглас Жуниор хет-трик авторы атанса, қақпашы Игита мен шабуылшы Арнольд Кнауб бір-бір мәрте көзге түсті.

Екі жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алды. Элиталық кезең 2020 жылдың 28 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында өтеді. Қарсыластары 7 қараша күні анықталады.

Топтық кезеңнің соңғы ойынын біздің жігіттер 26 қыркүйек күні алаң иелері Румыния құрамасына қарсы ойнайды.

Бөлісу

.