12 тамыз, Сәрсенбі

Жартасқа жылдамдыққа өрмелеуден республикалық ашық жарыс аяқталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында 2003-2004 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жартасқа жылдамдыққа өрмелеуден республикалық ашық жарыс басталды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Республикалық турнир 17-20 қазан күндері аралағында «KeruenCity» сауда орталығында өтті. Бозбалалар арасында Қарағанды облысының өкілі Азат Майкотов жеңіске жетсе, жергілікті спортшы Владислав Буханевич екінші орын алды. Ал үздік үштікті тағы бір елордалық спортшы Арман Балғужин түйіндеді.

Қыздар арасында да Қарағанды облысының өкілі Елизавета Литус қарсылас шақ келтірмеді. Нұр-Сұлтандық Зарина Ағылманова екінші, қарағандылық Танзиля Оспан үшінші орын алды.

Бөлісу

.