18 қараша, Дүйсенбі

Халықаралық «Cool Games» жарысы мәресіне жетіт

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

10-14 қазан күндері Украинаның Киев қаласында халықаралық «Cool Games» жарысы өтті, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қытай, Moлдова, Украина, Хорватия мен Kиевтің оқушылары қатысты.

Еліміздің намысын Қарағанды қаласындағы №58 мектептің 2003-2006 жж. ұл- қыздары қорғап, 8 елдің командалары арасында нәтижелі 5-орынмен жарысты тәмамдады.

Балалардың жарысқа қатысуына қолдау көрсеткені үшін Қарағанды облысы білім басқармасына және «Сарыарқа-Дарын» аймақтық практикалық орталығына ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ерекше алғыс білдіреді.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде балалар жеребе бойынша 8 топқа біріктіріліп, әр елден құралған аралас топтар арасында жаттығу үлгісінде сайысқа түсті. Барлық қатысушыларға «Cool games» ойынының кубогы табысталды.

Бөлісу

.