16 қазан, Сәрсенбі

Алматыдағы бокс тойы: Кімдер шаршы алаңға шығады?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

12 қазан күні Алматы қаласында өтетін MTK Global ұйымының бокс кешінде жұдырықтасатын қазақстандық боксшылардың есімі белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Кештің басты жекпе-жегінде Әли Балоев 42 жастағы венесуэлалық боксшы Гусмир Пердомомен (26-9, 17 КО) қолғап түйістіреді. Қос боксшы берінші ауыр салмақтағы WBC Asia Intercontinental  титулын сарапқа салады.

Сондай-ақ Елшат Нығметоллаұлы 29 жастағы филиппиндік Райан Рей Понтераспен (22-14-3, 11 КО) қолғап түйістіреді. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Кештің басты жекпе-жегі:

Әли Балоев (9-0, 7КО) —  Гусмир Пердомо (26-9, 17 КО) (Венесуэла)

Андеркард:

Елшат Нығматолла (14-0-1, 15 КО) — Ардин Диале (Филиппин, 35-14-4, 17 КО), жеңіл салмақ;

Еділ Қожамбердиев (8-2, 8 КО) — Казим Умудов (Әзірбайжан, 3-1, 1 КО), бірінші ауыр салмақ;

Әбілхайыр Шегалиев (6-0, 4 КО) — Сандро Джаджанидзе (Грузия, 5-19-1, 3 КО), бірінші орта салмақ;

Нұртас Әжбенов (6-0, 2 КО) — Леонардо Доронио (Филиппин, 17-16-3, 11 КО), жеңіл салмақ;

Хуршид Тожибоев (Өзбекстан, 2-0, 1 КО) — Ивор Ластрилья (Филиппин, 11-7-1, 6 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ;

Рай Сейітжанов (дебют) — Тоедсак Синам (Таиланд, 4-5, 4 КО), бірінші жартылай орта салмақ;

Нұрдос Төлебай (дебют) — Торнике Канделаки (Грузия, 4-5, 3 КО), бірінші жартылай орта салмақ;

Мирас Әли Сәрсенов (дебют) — Давит Натсвлишвили (Грузия, 3-3, 1 КО), бірінші жартылай орта салмақ;

Полат Әбдіқасілов (2-0, 2 КО) — Владислав Яковлев (Ресей, 0-3), екінші жартылай жеңіл салмақ;

Қадырбек Садықбек (1-0, 1 КО) — Бачо Кваратсхелиа (Грузия, 8-18-3, 3 КО), екінші орта салмақ.

Бөлісу

.