16 қазан, Сәрсенбі

Бокстан әлем чемпионаты: Дина Исламбекова жартылай финалға шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дина Исламбекова бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

Улан-Удэде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Дина Исламбекова тамаша өнер көрсетіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 81 келіден жоғары салмақ санатында өнер көрсететін Дина Исламбекова италиялық Флавия Северинді айқын басымдылықпен жеңіп, ақтық айқасқа шығуға мүмкіндік алды.

Бұған дейін бүгін шаршы алаңға шыққан Милана Сафронова да (64 келі)  1/2 финалға өткен болатын. Ал 54 келіге дейінгі салмақ санатында жұдырықтасқан Дина Жоламан ширек финалда америкалық Мики Крепске есе жіберді.

Бөлісу

.