16 қазан, Сәрсенбі

Батыр Жүкембаев әлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 12 КО) әлемдік рейтингте үздік 15 спортшының қатарына кірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық белбеудің иегері Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) IBF тұжырымының жаңартылған рейтингінде ТОП-15 боксшының қатарына кіріп, 11-орынға жайғасты. Отандасымыз соңғы жекпе-жегінде 2010 және 2014 жылдар аралығында жеңіл салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған  Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) жеңген болатын.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) WBC тұжырымының да жаңартылған рейтингінде ТОП-15 боксшының қатарына кіріп, 14-орынға жайғасқан болатын.

Бөлісу

.