16 қазан, Сәрсенбі

Аралас жекпе-жектен Bushido Гран-При турнирі өтеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталмандары Bushido Гран-При турнирінде сынға түседі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін Алматы қаласында аралас жекпе-жектен Bushido Гран-При турнирі өтеді. Бұл додаға тек қазақстандық спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтайды. 70 келі салмақта өтетін Гран-При турнирде Айбек Нұрсейіт Әділ Боранбаевқа қарсы жұдырықтасса, Руслан Ахметов пен Нуржан Маханбет, Нұрбек Тажібаев пен Санбет Найманбаев және Мұрат Бахторазов пен Олжас Есқараев жекпе-жекке шығады.

Айта кетейік, 8 спортшының арасындағы жеңімпаз атанған аралас жекпе-жек өкілі автокөлікке ие болады.

Бөлісу

.