16 қазан, Сәрсенбі

Серік Сәпиев: Аралас жекпе-жек Олимпиадалық спорт түрлері қатарына кірулері де ғажап емес

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әуесқой және кәсіби ММА (аралас жекпе-жек) Қазақстанда ресми спорт түрі мәртебесіне ие болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл шешімді осы жылдың тамыз айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қабылдады. Қазақстандық ММА біріккен федерациясы шетелдік және отандық промоушэнмен ынтымақтастық бастады. 

— Біз осыған дейін Қазақстанда M-1 Global бірлескен турнирін өткізіп келеміз. Сонымен қатар, отандық түрлі promotion-мен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізудеміз. Бірқатар қазақстандық кәсіпқой спортшылар Арман Әшімов, Асу Алмабаев, Жұман Жұмабеков және Абылайхан Кадыржан секілді спортшыларға қолдау көрсету үстіндеміз, — дейді қазақстандық ММА біріккен федерациясының бас директоры Валихан Тен. 

Еске сала кетсек, Қазақстандық ММА Федерациясы өткен жылдың соңында өз жұмысын бастады. Аталған ұйымды белгілі кәсіпкер Ғалымжан Есенов басқарады. 

— Осы 9 ай ішінде біз 32 спортшыдан құралған құрама жинап, бапкерлер құрамын бекіттік. Біздің спортшылар мамыр айында Азия чемпионатына қатысып командалық есепте бірінші орын иеленіп, 20 – дан астам медаль алып келді. Қазақстан тарихында тұңғыш рет ММА әлемдік рейтингін басқарды, — деді Валихан.

Аз ғана уақыт ішінде біріккен федерация Қазақстан аумағында 4 ірі турнир өткізді. Жыл соңына дейін M – 1 Challenge 105 халықаралық турнирін, ММА-дан Қазақстан Кубогын өткізу, сондай-ақ Бахрейндегі әлем чемпионатына құрама жасақтауды жоспарлап отыр.

— Әуесқой аралас жекпе-жек 2013 жылы спорт түрі ретінде танылған болатын. Ал қазіргі таңда кәсіби ММА-ның ресми спорт түрі ретінде тіркелгені қуантарлық жағдай. Енді алдағы уақытта ұйымдастырылатын барлық жекпе-жек ММА біріккен қазақстандық Федерациясының қамқорлығымен өтетін болады. Алдағы уақытта Олимпиадалық спорт түрлері қатарына кірулері де ғажап емес,– дейді Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев. 

Бөлісу

.