16 қазан, Сәрсенбі

«Қазақ сарбазы» Давид Лемьенің андеркартында шаршы алаңға шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов желтоқсан айында жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері 7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласында өтетін Давид Лемье (40-4, 34 КО) — Максим Бурсак (35-5-2, 16 КО) жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығады. Ал бұған дейін Садриддин  Ахмедов 25 қазан күні Канада елінде 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен (33-15-2, 15 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Садриддин Канада елінде өткен бокс кешінде IBO International чемпиондық белбеуіне таласқан мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3, 11 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберген. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бұл Ахмедовтың шаршы алаңдағы тоғызыншы жеңісі болды.

Бөлісу

.