16 қазан, Сәрсенбі

Арман Әшімов: Бағындырар белестеріміз бен алар асуларымыз алда

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Арман Әшімов UFC-дің бұрынғы спортшысымен әлем чемпионы атағы үшін болатын жекпе-жекке жарақатына байланысты шықпайтынын айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Мұстафа Өзтүрік» лақап атымен танылған отандасымыз Нұр-Сұлтан қаласында өтетін M-1 Challenge 105 турнирінің басты жекпе-жегінде уақытша чемпион атағын UFC тұжырымының бұрынғы сортшысы канадалық Крис Келэйдспен (13-4) сарапқа салу керек еді. Өкінішке қарай, отандасымыз жарақат алып, жекпе-жекке шықпайтын болды.

— Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Өкінішке қарай, өздеріңіз көптен күткен жекпе-жектен жарақатыма байланысты шеттедім. Әр нәрсенің қайыры бар демекші қазақ еліне бұдан да үлкен жеңіс сыйлау үшін қайта ораламыз. Алла қаласа, бағындырар белестеріміз бен алар асуларымыз алда. Қанында қайсарлық бар қазақтың қайратын, рухын әлі талай көрсетеміз. Бұл додада ел намысын қорғайтын бауырларымызға Алла жеңіс нәсіп етсін, — деп жазды Арман Әшімов Instagram парақшасында.

Ел астанасында өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Морозов пен америкалық Джош Реттингхауз жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Әшімов соңғы кездесуін 30 тамыз күні Орынборда өткізіп, бразилиялық Флавио Да Сильва Сантосты жеңген болатын

Бөлісу

.