16 қазан, Сәрсенбі

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға үш боксшымыз шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бүгін бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында үш боксшымыз шаршы алаңға шығады, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

Улан-Удэде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін,  ¼ финалдық кездесулер өтеді. Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға үш спортшы шығады. Жарыстың кешкі сессиясында 54 келіге дейінгі салмақта Дина Жоламан ел намысын қорғайды. Оның қарсыласы — украиналық Инна Статкевич.  60 келіге дейінгі салмақта Римма Волосенко Тайланд спортшысы Судапор Сисонмен, 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Дариға Шәкімова АҚШ боксшысы Оше Ланай Джунспен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан боксшыларымыздың барлығы жеңіліске ұшырады.

 

Бөлісу

.