16 қазан, Сәрсенбі

«Қайрат» Чемпиондар лигасын жеңіліспен бастады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа маусымы аясындағы алғашқы матчында жеңіліп қалды, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

«Қайрат» Чемпиондар лигасын жеңіліспен бастады. Венгрияның Береттьоуйфалу қаласында өткен ойында ресейлік КПРФ клубы күтпеген жерден «Қайратты» 3:0 есебімен жеңіп кетті. Қазақстандық команда қанша шабуылдағанымен, гол соға алмады. Қауіпті соққыларды бірде қақпашы қайтарса, бірде қақпа бағанасынан кері қайтты. Ал ресейліктердің оқтын-оқтын шабуылдарының бәрі голға айналды.

Айта кетейік, чемпиондар лигасының негізгі раундындағы ойындар 8-13 қазан аралығында өтеді. Бұл кезеңде «Қайраттың» әлі екі ойыны бар. Келесі ойын алматылықтар 9 қазанда испаниялық «Эль-Посоға» қарсы өткізеді.

Чемпиондар лигасы. 4-топ

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – КПРФ (Мәскеу, Ресей) 0:3 (0:3)

Гол соққандар: 0-1 Сими Сайотти, 0-2 Разуванов, 0-3 Асадов

Бөлісу

.