16 қазан, Сәрсенбі

Қазақ спортшысы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерімен жекпе-жекке шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жасұлан Акимжан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерімен жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жасұлан Акимжан Рио Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс медаль еншілеген армениялық Мигран Арутюнянға қарсы жекпе-жек өткізеді. Қос спортшы Ресейдің Сочи қаласында Gorilla Fighting Championship 19 турнирінде кездеседі. Кештің басты жекпе-жегі болатын кездесу жартылай жеңіл салмақта (66келі) өтеді.

Айта кетейік, Жасұлан Акимжан шаршы алаңда 4 жекпе-жек өткізіп, 3 кездесуде жеңіске жетсе, Мигран Артунян 2 жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіс тұғырынан көрінген.

Бөлісу

.