16 қазан, Сәрсенбі

Алматы облысы дзюдодан Конфедерация кубогының жартылай финалына шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Оралда Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының іріктеу кезеңдері басталды.

D тобына түскен БҚО, Маңғыстау, Қызылорда облысы мен Алматы облысының командалары өзара мықтыны анықтады. Дзюдо бойынша Алматы облысының командасы жартылай финалға шықты.

«Құрама жарысқа өте жақсы дайындықпен келді. Жарыста Қызылорда командасына есе жібергенімізбен, БҚО мен Маңғыстау облысының құрамаларынан басым түстік. Қызылорда облысымен кездесу ең қиыны болды. Десе де, құрамадағы спортшылар барын салып, жартылай финалға жолдама алдық», — деп келтіреді дзюдодан Алматы облысы құрама командасының аға жаттықтырушысы Ерлан Тажиковтің сөзін Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, конфедерация кубогының жартылай және финалдық кезеңдері 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Бөлісу

.