16 қазан, Сәрсенбі

Мадияр Әшкеев тәжірибелі америкалық боксшымен жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (13-0, 6 KO) келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бірінші орта салмақтағы NBA белбеуінің иегері Мадияр Әшкеев 9 қараша күні АҚШ-тың Гавайан Гарденс қаласында шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы америкалық Клеотис Пендарвис (21-5-2, 9 КО) болмақ. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Бәске бірінші орта салмақтағы WBC (USNBC) тұжырымы бойынша АҚШ чемпиондық белбеуі салынады.

Еске салайық, Мадияр Әшкеев соңғы рет 5 шілде күні Алматыда жұдырықтасып, украиналық Игорь Фаниянды (16-21-3, 8 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

Бөлісу

.