16 қазан, Сәрсенбі

Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингіде 15 сатыға көтерілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Изим Избаки (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне жеткеннен соң әлемдік рейтингіде көтерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Отандасымыз АҚШ-тың Флинт қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Изим Избаки қарсыласы Трой Олбрингті алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 15 сатыға көтеріліп, 647-ші орынға жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, Изим Избаки кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Эстонияның астанасы Таллин қаласында өткізіп, белорусь Олег Заблоцкийді (0-9) ұтқан болатын. Ал соңғы жекпе-жегін тамыз айында 26 жастағы америкалық боксшы Армонте Саммерспен өткізіп, жеңіске жетті.

Бөлісу

.