6 желтоқсан, Жұма

«Қайрат» чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бүгін «Қайрат» командасы футзалдан Чемпиондар лигасындағы бірінші матчын өткізеді, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін футзалдан алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Кака жаттықтыратын команданың бірінші қарсыласы ресейлік КПРФ. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 19:45. Матчті «Ер Арна» тікелей эфирде көрсетеді.
Чемпиондар лигасының футзалдан негізгі кезеңіндегі матчтер Мажарстанның Береттьоуйфалу қаласында қазанның 8 мен 13 аралығы өтеді.

Айта кетейік, КПРФ командасынан бөлек «Қайратпен» бір топқа Испанияның вице-чемпионы «Эль-Посо» мен Мажарстан чемпионы «Береттьоуйфалу» клубтары бар.

Бөлісу

.