7 сәуір, Сейсенбі

Арман Әшімов UFC-дің бұрынғы спортшысымен жекпе-жекке шықпайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Арман Әшімов UFC-дің бұрынғы спортшысымен әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтаспайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізбейтін болды. M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағына қол жеткізген Әшімов 19 қазан күні тағы да тұжырымның уақытша белбеуі үшін жұдырықтасу керек болған. Мұстафа Өзтүрік» лақап атымен танылған отандасымыз Нұр-Сұлтан қаласында өтетін M-1 Challenge 105 турнирінің басты жекпе-жегінде уақытша чемпион атағын UFC тұжырымының бұрынғы сортшысы канадалық Крис Келэйдспен (13-4) сарапқа салу керек еді. Өкінішке қарай, отандасымыз жарақат алып, жекпе-жекке шықпайтын болды.

Айта кетейік, Арман соңғы жекпе-жегін Ресейдің  Орынбор қаласында өткен M-1 Challenge 104 турнирінде бразилиялық Флавио Да Сильва Сантосқа қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен.

Бөлісу

.