16 қазан, Сәрсенбі

«Қазақ сарбазы» мексикалық боксшымен қолғап түйістіреді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедовтің кезекті қарсы анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин  Ахмедов 25 қазан күні Канада елінде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. «Қазақ сарбазы» 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен (33-15-2, 15 КО) қолғап түйістіреді.  

Айта кетейік, Садриддин Канада елінде өткен бокс кешінде IBO International чемпиондық белбеуіне таласқан мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3, 11 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберген. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бұл Ахмедовтың шаршы алаңдағы тоғызыншы жеңісі болды.

Бөлісу

.