16 қазан, Сәрсенбі

«Канело»: Головкинге 24 раунд мүмкіндік бердім. Ол бәрібір жеңе алмады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Орта салмақта WBA (Super) чемпионы Сауль Альварес IBF және IBO белбеулерін жеңіп алған Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек туралы пікірін білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Менімен кез келген боксшы жұдырықтасқысы келеді. Головкин менімен жекпе-жек өткізгеннен соң не істеді? Ештеңе. Golden Boy Promotions-пен сөйлестім. Головкин тек бизнес жағынан қызығушылық тудыра алады. 

Головкинге қарсы 24 раунд өткіздім. Ол мен жеңе алмады. Үшінші жекпе-жекте де осы қайталанады. Тіпті, оның сұлатып түсіретініме сенімдімін, — деді «Канело» TV Azteca арнасына берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес екі жекпе-жек өткізген. Біріншісінде қос боксшы тең тарқасса, екінші жекпе-жекте «Канело» жеңіске жетті.

Бөлісу

.