7 сәуір, Сейсенбі

Қазақстандық боксшы АҚШ-та үшінші жеңісіне жетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Изим Избаки (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Отандасымыз АҚШ-тың Флинт қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Изим Избаки қарсыласы Трой Олбрингті алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Изим Избаки кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Эстонияның астанасы Таллин қаласында өткізіп, белорусь Олег Заблоцкийді (0-9) ұтқан болатын. Ал соңғы жекпе-жегін тамыз айында 26 жастағы америкалық боксшы Армонте Саммерспен өткізіп, жеңіске жетті.

Бөлісу

.