16 қазан, Сәрсенбі

«Тобыл» команасының қақпашысы рекорд жаңартты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Эмиль Балаев өз қақпасына 699 минут бойы гол жібермей, рекорд жаңартты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Эмиль Балаев 2019 жылғы футбол маусымының жаңа рекордын орнатты. Әзербайжан құрамасының қақпашысы соңғы рет осы жылдың 28 шілдесі күні «Қайсар» шабуылшысы Куле Мбомбодан гол жіберді.

«Эмиль Балаев осы маусымдағы өзінің рекордын қайта жаңартты. Бұған дейін оның көрсеткіші 683 минут болған. Егер ол алдағы матчта 14 минут қақпасын «аман» ұстаса, ел біріншілігі тарихындағы үздік 5 қақпашының қатарына енеді», — деді клубтың баспасөз қызметіндегілер.

Балаевтан кейінгі сатыда «Жетісу» ойыншысы Алмат Бекбаев тұр. Ол 172 минут бойы қақпасына гол дарытпады. Үздік үштікті «Тобылдың» тағы бір қақпашысы Жасур Нәрзіқұлов түйіндеп тұр. Жалпы, қазақ футболының тарихында ең жоғарғы нәтиже «Қайрат» футболшысы Сергей Бойченкоға тиесілі. Ол 2005-2006 жылдары қақпасына 921 минут бойы доп енгізбеген.

Бөлісу

.